Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы профилактика күшейтілді
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы профилактика күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді профилактикалық іс-шаралар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Республикалық "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн" акциясы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеді. Тәртіп сақшылары азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, оның құқықтық салдарын, құқық бұзушыларға қолданылатын шараларды, сондай-ақ әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық көмек алу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Полицейлер әр адамның қауіпсіздікке, құрметке және лайықты өмір сүру жағдайларына құқығы бар екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды немқұрайлық танытпай, кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы белсенді әрекет етуге және қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге шақырды. Отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
