Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Қоғамдық кеңесі өзекті мәселелерді талқылады

Ішкі істер министрлігінде Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында ведомствоның негізгі жұмыс бағыттары, кадр саясаты және полиция имиджін арттыру шаралары қаралды. Жиынға азаматтық қоғам өкілдерінен құралған кеңес мүшелері мен ІІМ басшылығы қатысты.

Күн тәртібіне есірткі саудасына қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар, ішкі істер органдарын кадрлармен қамтамасыз ету жағдайы, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы мен қаржыландыруын жақсарту мәселелері енгізілді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков ведомствоның ашық жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтіп, азаматтармен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру