Павлодар облысында есептегі сотталған азамат жеке кәсібін ашты
Павлодар облысында есептегі сотталған азамат жеке кәсібін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Ертіс ауданының пробация қызметінде есепте тұрған сотталған бұған дейін дүкенінен азық-түлік ұрлығының алты эпизодын жасаған. Туған күнінде қолында қаражаты болмағандықтан, ол азық-түлікті киімінің астына және пакетке жасырып ұрлап кеткен. Жасаған құқық бұзушылықтары үшін ол заң алдында жауапқа тартылып, пробациялық есепке қойылды.
Бүгінде сотталған өзінің өмірін түбегейлі өзгертті. Ол өзінің жеке автокөлік жөндеу станциясын ашып, жеке кәсіпкер ретінде ресми түрде жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының автокөліктерін жөндеп, сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетеді. Жұмыс орнында жағымды мінездемеге ие, тұтынушыларының сенімін ақтап, толық әлеуметтік бейімделуге ұмтылуда.
Пробация қызметінің қолдауы және сотталғанның жеке түзелуге деген ниеті оның адал еңбекке бет бұрып, қоғамға пайда келтіруіне мүмкіндік берді.
