СҚО-да полицейлердің жауынгерлік дайындығы пысықталды
СҚО-да полицейлердің жауынгерлік дайындығы пысықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыскердің жолын тез бөгеп, адамдарды қорғау үшін полицейлерге жүйелі түрде ұйымдастырылатын оқу-жаттығу жиындарында меңгерілетін дағдылар қажет. Мұндай оқу-жаттығуларды Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасы жүргізеді.
Қызылжар аудандық полиция бөлімінде таңғы жаттығу саптық дайындық пен саптық қараудан басталды. Осы жерде, бөлімнің саптық алаңында, автокөлікті тексеру және күдіктілерді ұстау бойынша сабақ өтті. Иықтарында погон таққан тәжірибелі нұсқаушылар қызметкерлерге шынайы жағдайға барынша жақын тәртіпте дағдыларын жетілдіруге көмектесіп, күдіктіден төнуі мүмкін кез келген қатерді қалай жою керектігін көрсетті.

Жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт залында қызу қыздырынудан кейін полицейлер шабуылдан қорғану, ұстау және тінту тәртібін, күрестің арнайы тәсілдерін пысықтады.
Ату бойынша сабақтар қауіпсіздік техникасы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтан басталады. Оқыту алаңына шығар алдында қызметкерлерге физикалық жүктеме беріледі. Жүгіру, қолды бүгіп-жазу және отырып-тұру жаттығулары. Осыдан кейін олар Макаров тапаншасынан екі нысананы бірден дәл көздеуі тиіс. Калашников автоматы бойынша жаттығулар алдымен тирде жүргізіліп, кейін ашық ауадағы атыс полигонында жалғасады.

Қызметкерлер кәсіби дайындық бойынша дәрістер барысында білімін тереңдетеді. Бір апта бойы мұндай сабақтар облыстық полицияның барлық аумақтық бөлімшелерінде өтті. Бұл – полицейлердің кез келген жағдайда адамдарды қорғауға, қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидаларын қамтамасыз етуге дайын болуы үшін жасалған жүйелі жұмыс.
