Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ұрланған барлық автокөлік иелеріне қайтарылды

Абай облысында ұрланған барлық автокөлік иелеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Абай облысында автокөлік ұрлығы бойынша 50 дерек тіркелді. Ең бастысы — полицейлердің жедел және үйлесімді жұмысының арқасында ұрланған барлық көлік құқық иелеріне толық қайтарылды.

Облыс полицейлері автокөлікке қатысты қылмыстардың алдын алу және ашу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Көлік құралдарының қозғалысын бақылауға алып, құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет ету үшін тұрғындармен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіліп келеді.

- Тұрғындардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғау – біздің қызметіміздің негізгі басымдығы. Әрбір ұрлық дерегі жедел тергеледі, ал ұрланған көлік иесіне мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайтарылады, – деді криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Дастан Камзин.

Полиция автокөлік иелеріне қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмауды ескертеді: сенімді құлыптар мен дабылқаққыштарды қолдану, көлікті күзеті бар тұрақтарға қою – қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолдары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру