Талдықорғанда жас буынға патриоттық тәрбие беруге арналған іс-шара өтті
Талдықорғанда жас буынға патриоттық тәрбие беруге арналған іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік күніне орай Талдықорған қаласындағы №14 және №18 мектептердің "Жас сақшы" полиция сыныптары үшін "Динамо" — дене шынықтыру және спорт қоғамының базасында тәрбиелік-спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Шараны Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері өткізді.
Салтанатты ашылу кезінде департамент басшысының орынбасары Мадияр Омаров жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызын атап өтті. Кадеттер спорттық сайыстарға, командалық жарыстарға және көшбасшылық пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға арналған зияткерлік тапсырмаларға қатысты.
Іс-шара соңында Мадияр Омаров жас буынға өсиет сөздер айтып, оларды елге қызмет етуге ынталандырды.
Шара кадеттерге елге қызмет етудің абырой мен жауапкершілік екенін сездіре отырып, жас буынға жігер берді.
