Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

Алматыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның қайтадан рөлге отырғанын анықтады. Сол кезде құқық бұзушы көлік басқарудан шеттетіліп, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Сот шешімімен әкімшілік жаза ретінде қамауға алу тағайындалған.

- Заң мен тәртіп қағидаты – біздің қызметіміздің басты негізі. Жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік басқаруы айналадағы азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтарға қатаң әрі принципті түрде, ешқандай ерекшеліксіз тосқауыл қойылады, – деп түйіндеді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ Шумаев ол жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - тек өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру