Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Қауіпті жүргізуші" іс-шарасы барысында 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодар облысында "Қауіпті жүргізуші" іс-шарасы барысында 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында 1–14 желтоқсан аралығында Павлодар облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша полицейлер 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Атап айтқанда көлік құралын басқару кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудың 234 фактісі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 147 дерегі, мас күйінде көлік басқарған 71 жүргізуші, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 28 адам және қарсы қозғалыс жолағына шығудың 9 фактісі тіркелді.

Сондай-ақ 173 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция аталған алдын алу іс-шарасы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру