Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрлігі жүйесінің үздік білім алушылары марапатталды

Астанада Ішкі істер министрлігі жүйесінің үздік білім алушылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жыл үздіктерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында білім мен ғылымда жоғары жетістіктерімен көзге түскен Ішкі істер министрлігі жүйесінің өкілдері арнайы марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының бейіндік магистратура магистранты, полиция капитаны Зарина Жұманбек "Үздік магистрант" атанды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2-курс курсанты, полиция кіші сержанты Дария Күлмұханова "Үздік жас ғалым" марапатына ие болды.

Ал осы институттың 2-курс курсанты, қатардағы полиция қызметкері Диана Алпамыс "Жылдың үздік студенті" номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Бұл марапаттар – білім алушылардың қажырлы еңбегі мен кәсіби дамуға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Жас мамандардың жетістіктері Ішкі істер министрлігі жүйесінде сапалы кадр даярлаудың нәтижелі жолға қойылғанын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру