Астанада ҚАЖ қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Астанада ҚАЖ қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 желтоқсан күні Астана қаласы бойынша ҚАЖД кәсіби мереке күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесінде адал қызмет етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін атап өту, олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін жоғары бағалау. Салтанатты жиын барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген 60-тан астам мамандар марапатталды.

Шара аясында ҚАЖ қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға қосып отырған үлесі атап өтілді. Сонымен қатар ұжымның кәсіби бірлігі мен қызметтік дәстүрлерінің маңызына назар аударылды.

Салтанатты іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен жаңа кәсіби жетістіктерге ынта сыйлады.

