Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер бүлдіршіндерге профилактикалық кездесу өткізді

СҚО-да полицейлер бүлдіршіндерге профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балабақша тәрбиеленушілері қауіпсіз мінез-құлық туралы не біледі? Петропавл қаласындағы "Батыр" балабақшасына келген полицейлер бүлдіршіндердің маңызды қағидаларды жақсы меңгергеніне көз жеткізді.

— Сіріңкемен ойнауға болмайды, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керек және олардан тәтті алуға болмайды. Кәмпит уланған болуы мүмкін, — деп нақтылады бүлдіршіндердің бірі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаларға үйде және көшеде өзін дұрыс ұстау жөніндегі білімдерін бекітуге көмектесіп, кез келген жағдайда "102" нөміріне жүгінуге болатынын еске салды. Сонымен қатар бүлдіршіндерге қауіпсіздік тақырыбындағы диалогтары бар бояу кітапшалары таратылды.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер профилактикалық жұмыстарды тек мектептерде ғана емес, мектепке дейінгі ұйымдарда да жүргізеді. Бұл — қаланың жас тұрғындарын ерте жастан бастап "Заң мен Тәртіп" идеологиясын қалыптастыруға, қауіпсіз әрі заңға бағынатын мінез-құлыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру