Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында түнгі уақыттағы бақылау күшейтілді

Қызылорда облысында түнгі уақыттағы бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Рейдтің негізгі мақсаты – түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүру фактілерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуын бақылау.

Іс-шара нәтижесінде қала аумағында бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды.

Тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін пайдалану бойынша – 5 дерек, заңсыз сауда жасау бойынша – 7 дерек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру – 1 дерек тіркелсе, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша – 4 дерек тіркелді.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындамаудың 2 дерегі және т.б тыныштықты бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта анықталған барлық деректер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

Рейд барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен көшелер тексеріліп, азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру