Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қауіпсіздік комитеті (ВБ және ҚК) Абай облысының аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметкерлерге арналған есірткі қолданудың алдын алу мәселесіне арналған түсіндіру шарасы өткізілді.

Іс-шараға Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәжірибелі қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда аға жедел уәкілДастан Үкіжанов және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл Гаухар Еспаева дәріс оқып, саладағы нақты тәжірибелерімен бөлісті.

Полиция қызметкерлері өз сөздерінде есірткі қылмысының қазіргі жағдайын, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларды, сондай-ақ есірткі қолданудың құқықтық салдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтар үшін заңнамамен көзделген жауапкершілік шаралары нақты мысалдар арқылы көрсетілді.

Іс-шара офлайн форматта облыстық аумақтық инспекция мамандарының қатысуымен, ал аудандық және қалалық аумақтық инспекция басшылары мен мамандары үшін ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына полиция қызметкерлері толық жауап беріп, профилактикалық бағыттағы ұсыныстарын жеткізді.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және есірткіге қарсы саналы көзқарасты қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру