Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

Абай облысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз көшеде жүруі мен ойын-сауық орындарында болуын анықтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі және түнгі уақыттағы тексерістер барысында қоғамдық орындар, аула аумақтары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафе, барлар және басқа да демалыс орындары ерекше бақылауға алынады.

Биылғы жылдың басынан бері түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың жүріп-тұруы және ойын-сауық орындарында болу фактілері бойынша шамамен 5 мың құқық бұзушылық тіркеліп, жолы кесілді.

Сонымен қатар:

  • Түнгі уақытта балалардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 73 мекеме әкімшісі анықталды;

  • Түнгі уақытта балаларын бақыламағаны үшін 95 ата-анамен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ата-аналарға балаларға бақылауды күшейтпеген жағдайда заң бойынша қарастырылған жауапкершілік түсіндірілді.

Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың бос уақыты мен жүрген жеріне, әсіресе кешкі және түнгі уақытта, ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру