Жамбылда полицейлер колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді
Жамбылда полицейлер колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу аясында облыстық полиция департаментінің ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы А.Пирматов Жамбыл политехникалық колледжінің 1-2 курс студенттерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, айналасындағыларға құрметпен қарау және жастар ортасында құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алудың маңыздылығын жеткізу болды.
Полиция қызметкері бопсалау, буллинг, топтық төбелестерге қатысу, сондай-ақ суық қару алып жүрудің жол берілмейтініне студенттердің назарын аударып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті түсіндірді.
Студенттер белсенділік танытып, өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға тиімді ықпал етеді.
