Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД бастығы бүлдіршіндерге қолдау көрсетті

Маңғыстау облысы ПД бастығы балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы С. Аяғанов пен департаменттің басшылық құрамы денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық мамандандырылған балалар үйі” мемлекеттік мекемесіне арнайы барды.

Балалар үйінде жаңа туылған нәрестеден 3 жасқа дейінгі шамамен 20 бала тәрбиеленуде.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері балалардың өздері әзірлеген жаңа жылдық бағдарламасына белсене қатысты. Бүлдіршіндер концерттік нөмірлер ұсынып, өлең оқып, ән шырқады. Полицейлер балалардың шынайы қуанышы мен ашық көңіліне ризашылықтарын білдірді.

Мұндай іс-шаралар балаларға үлкендердің қамқорлығы мен жылуын сезінуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиешілері мен педагогтарына еңбегі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, болашақта да ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Мерекелік кездесу жылы әрі көңілді атмосферада өтіп, балаларға шынайы қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру