Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында темір жол қауіпсіздік талаптарын орындамаған мердігер мекеме жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында темір жол қауіпсіздік талаптарын орындамаған мердігер мекеме жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.   

Маңғыстау облысында темір жол өткелдерін күтіп-ұстаудағы талаптарды орындамаған мердігер мекемеге тиісті шаралар қабылданды.

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясымен Маңғыстау - Қызылтөбе аудандық маңыздағы тас жол арқылы өтетін №119 бағытындағы теміржол өткеліне жүргізілген кешенді тексеру нәтижесінде, бірқатар кемшіліктер анықталып, күтіп-ұстауға жауапты мекемеге жазбаша нұсқама берілді.

Алайда соңғысы жазбаша нұсқаманы орындалмай, жол және техникалық инспекциясымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот қаулысымен жауапқа тартылды.

Жазбаша нұсқамалардың орындалуы өте маңызды, өйткені жол бөлігіндегі кемшіліктер жол қозғалысына тікелей әсер ететіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру