Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 желтоқсан күні сағат 21:10 шамасында Бейнеу ауданы полиция бөлімі Боранқұл елді мекенінің 2 ауылында белгісіз тұлғаның заңсыз киік аңын тасымалдап жүргені туралы ақпарат түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.

25 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында Боранқұл ауылында тұрғынның ауласында тұрған автокөлікке тінту жүргізілді. Автокөліктің артқы жүксалғышынан сирақтары кесілген, ішек-қарны алынған 8 бас киіктің өлексесі табылды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру