ІІМ басшысы "Динамо" қоғамының 100 жылдығына арналған турнирде ел намысын қорғаған спортшыларды марапаттады
Ішкі істер министрлігінде "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығына арналған мерейтойлық турнирде ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларды марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Марапатталғандар қатарында Гүлмарал Еркебаева, Ринат Махмутов, Әділ Оспанов, Әділет Ахметғали, Азамат Бақытов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Қайсар Шәмшидинов сынды спорт саңлақтары бар. Сонымен қатар Nomad Wrestling президенті Мақсат Кикимов пен Ұлттық ұлан қызметінің бастығы Асхат Әмірғалиев те марапатталды.
– "Динамо" спорт қоғамының өкілдері - төзімділік, жауапкершілік пен өз ісіне адалдықтың үлгісі. Сіздер жоғары спорттық жетістіктер мен мемлекетке қызмет ету қатар жүре алатынын және қатар жүруі тиіс екенін дәлелдеп келесіздер. Сіздердің жеңістеріңіз - бүкіл ел үшін мақтаныш, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
