Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды

Ақтауда полицейлер есірткі тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда полиция қызметкерлері арнайы бөлімшелермен бірлесіп, есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесу бойынша жедел іс-шара жүргізді. Пошта сәлемдемесін алған сәтте күдіктілер полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, автокөлікпен қашуға әрекеттенген.

Күдіктінің артынан қуу барысында олар белгісіз ораманы жол жиегіне тастап, одан әрі қозғалысын жалғастырған. Кейін автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырап, күдіктілер жаяу қашпақ болған кезде ұсталды.

Оқиға орнын қарау кезінде тасталған орамадан жалпы салмағы шамамен 400 грамм героин табылып, сараптама қорытындысымен оның есірткі құралы екені расталды. Аталған дерек бойынша есірткіні заңсыз тасымалдау белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің екеуі де медициналық куәландырудан өтіп, нәтижесінде олардың ағзасынан есірткі заттарының бар екендігі анықталды. Сот шешімімен жүргізушіге көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар екеуі де есірткі заттарын медициналық мақсатта емес тұтынғаны үшін арнайы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Полиция есірткі құралдарын сақтау, тасымалдау және заңсыз айналымға шығару қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, ал полиция талабына бағынбау және масаң күйде көлік жүргізу қауіпті екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру