Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында балалар үйінде мерекелік іс-шара өтті

Жаңа жыл қарсаңында Павлодар облысы полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мерекелік іс шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Павлодар облысы полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барып, оларға қуаныш, жылулық пен мерекелік көңіл күй сыйлады.

Балалар үшін нағыз жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Олар тәтті сыйлықтар, ойыншықтар және пайдалы заттар алып, ерекше қуанышқа бөленді. Балалардың жүзіндегі шынайы күлкі, шаттыққа толы көзқарас пен көтеріңкі көңіл күй мерекенің басты көркіне айналды. Ересектермен бірге балалар шырша айналып, ән айтып, ойындарға қатысып, мейірім мен жылуға толы сәттерді бірге өткізді.

Іс-шара барысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Болат Сүлейменов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрбір баланың қамқорлық пен мейірімге, бақытты балалық шаққа лайық екенін атап өтті. Ол балалардың әрдайым өздерін жалғыз сезінбеуі маңызды екенін жеткізді.

Бұл мерекелік шара балалардың жүрегінде жарқын әсер қалдырып, өтіп бара жатқан жылдың ең жылы әрі қуанышты сәттерінің біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру