Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ауылында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

БҚО Егіндікөл ауылында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бастамалар аясында 2025 жылы Егіндікөл ауылдық округінде жаңа учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді.

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің қолдауымен салынған ғимаратта учаскелік полиция пунктіне арналған арнайы кабинет қарастырылып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға қолайлы жағдай жасалған. Бұл тұрғындардың полиция қызметіне жедел әрі тікелей жүгінуіне мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің жаңа пункттің ауыл өміріндегі маңыздылығын атап, оның тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосатынын жеткізді.

Жаңа учаскелік полиция пункті заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарды қабылдауға толық дайын. Бұл нысан полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтып, ауылдағы қоғамдық қауіпсіздіктің артуына оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру