Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлердің балаларына арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды

СҚО-да полицейлердің балаларына арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметі жауапкершілігі мол жұмыс. Отбасымен жиі уақыт өткізу мүмкін бола бермейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстандағы көптеген тәртіп сақшысы үшін Оқушылар сарайында өткен интерактивті мерекелік таңғы шара ерекше қуаныш болды. Бұл күні Петропавл қалалық полиция басқармасы мен облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері балаларымен бірге жаңа жылдық кешке қатысты. Ал мереке күндері полицейлер басқа да жедел қызмет өкілдерімен бірге өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Іс-шара барысында Аяз ата, Ақшақар және аниматорлар балаларға арналған көңілді байқаулар ұйымдастырды.

СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин полицейлер мен олардың отбасыларын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, береке және қызметте тірек болатын мықты отбасылық қолдау тіледі.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының филиалында жаңа жылдық шырша өтті. Мұнда футбол секциясында жаттығатын 80-нен астам балаға арналған спорттық таңғы мереке ұйымдастырылды.

Балаларды облыстық "Динамо" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тугунбаев пен "Қызылжар" футбол клубының шабуылшысы Тимур Мульдинов құттықтады. Мереке ең еңбекқор әрі табанды тәрбиеленушілерді марапаттаудан басталды. Кейін жас спортшылар Аяз атамен бірге ойын ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру