Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД мереке қарсаңында жаңа көліктермен толықты

Түркістан облысы ПД мереке қарсаңында жаңа көліктермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылда полицияға 45 темір тұлпар кілті табысталды.

– Бүгін өздеріңізбен қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Облыстың тәртіп сақшыларының автопаркі жаңаруда. ҚР ІІМ-нің қолдауымен бізге жаңа қызметтік көліктер берілуде. Бұл ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қызметкерлердің жұмысын жеңілдетуге үлес қосады. Сондықтан халыққа одан да сапалы қызмет көрсетулеріңіз үшін Сіздерге 45 су жаңа көліктің кілтін тапсырамын. 2026 жылы жұмыстарыңызға абырой мен сәттілік тілеймін! – деді полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Тәртіп сақшыларына берілген 45 темір тұлпар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру