Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті
Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл мерекесіне орай полиция департаменті бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың бастамасымен полиция қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндерге арналған қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен ертегі кейіпкерлері өнер көрсетті. Балалар үшін ұйымдастырылған қойылымдар мен көңілді ойындар мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.
Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев құттықтау сөзінде балалардың күлкісі мен қуанышы әрбір ата-ана үшін ең асыл бақыт екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол полиция қызметкерлерінің ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін айтып, мұндай мерекелік шараларды өткізу ұжым үшін игі дәстүрге айналатынын жеткізді.
Шырша кеші барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі байқауларға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Іс-шара соңында барлық балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, мерекелік кеш қатысушыларға шаттық пен жарқын әсер сыйлады.
