Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Министр ІІО ардагерлері мен қызметкерлерін жаңа жылмен құттықтады

Полиция ведомствосының басшысы Ержан Саденов Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін жаңа жылмен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жаңа жыл - әрқайсымыз үшін жаңа үміт пен жаңа мақсаттардың бастауы. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін мазмұнды болды: қылмыс деңгейі төмендеді, құқық бұзушылықтардың ашылуы жақсарды, ал азаматтар өздері заңсыздыққа төзбейтін, белсенді ұстаным көрсете бастады. Қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетінің күшейіп келе жатқаны сезіледі. Бұл - Ішкі істер министрлігі мен қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Осы нәтижелердің артында ІІМ жеке құрамының адал, кәсіби әрі қажырлы еңбегі тұр. Ведомство ашық, кәсіби және қоғамға жақын полицияны қалыптастыру жолында жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Ішкі істер органдарының ардагерлерін, жеке құрамын, ведомстволық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын және олардың отбасы мүшелерін жаңа 2026 жылмен құттықтаймын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке, тыныштық және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! - деп жазды Ержан Саденов өз Instagram парақшасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру