Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда отбасылық жанжал шығарған азамат жауапқа тартылды

Павлодарда отбасылық жанжал шығарған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық жанжалдар қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Күнделікті өмірде жұбайлар, туыстар немесе бірге тұратын адамдар арасында туындайды. Кейде ауыр құқық бұзушылықтарға ұласуы мүмкін. Көп жағдайда мұндай жанжалдар тұрмыстық қиындықтар мен түсініспеушіліктің салдарынан туындайды.

– Сағат 01:30-да полицияға қызғаныш салдарынан жұбайы жанжал шығарғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгенде, жұбайының азаматтық қарудың иесі екені анықталды. Полиция қызметкері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартып, материал сотта қаралды, – деді Павлодар облысы ПД қызметкерлері.

Сот шешімімен жанжал шығарған адамға 10 тәулікке қамалды. Сонымен қатар берілген қорғаныс ұйғарымы негізінде жанжалды шығарушыдан 5 қару алынды.

Полиция мұндай жағдайларда ауыр қылмыстарға жоғары екенін атап өтті. Сондықтан азаматтарға жанжал себептерін жоюға, эмоцияны бақылауға және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін алкогольдік сусындарды шамадан тыс пайдаланбауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру