Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті құрықталды

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Оның айтуынша, ол ұрлықтың құрбаны болған.

Полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні қысқа мерзім ішінде анықтады. Ол 44 жастағы азамат болып шықты. Жеке тінту барысында одан ұрланған әмиян ішіндегі заттарымен бірге табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ұсталған адамның қала мен облыс аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру