Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кәсіби мерекесі қарсаңында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерін құттықтады.

Мекеме басшылығы, құрамында он әскери қызметші бар, әскери наряд бастығы — үшінші сыныпты сержант Кенжебек Рамазанов басшылық ететін ауысымды мерекемен құттықтады. Кездесу барысында жеке құрамға кәсібиліктің жоғары деңгейі, тәртіпті және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс айтылды.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді және жауапты жұмысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Мекеме бастығы Аслан Нурбеков бірлескен қызмет пен ведомствоаралық өзара іс қимылдың маңызын атап өтті.

— Сіздер күн сайын мекемеде қадағалау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жауапты қызмет атқарасыздар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, төзімділіктеріңіз және борышқа деген адалдықтарыңыз шынайы құрметке лайық. Алдағы уақытта да біздің өзара іс — қимылымыз қойылған міндеттерді тиімді орындауға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Ұлттық ұлан әскери нарядының бастығы Кенжебек Рамазанов мекеме қызметкерлеріне қызметтің жоғары бағасына және назарына алғысын білдірді.

— Ауысымның жеке құрамы үшін, жұмысымызға осындай баға алу үлкен мәртебе. Біз өзімізге жүктелген міндеттердің жауапкершілігінің барлық дәрежесін түсінеміз және мекемеде қадағалау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, қызметтік міндеттерді адал атқаратын боламыз, — деді.

Кездесу соңында Ұлттық ұланның ауысымына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру