Ақмола облыстық ҚАЖ мекемесінде сот органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті
Ақмола облыстық ҚАЖ мекемесінде сот органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жылдағы жұмысты №7 мекемеде сот органдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған мазмұнды әрі нәтижелі кездесуден бастады. Семинар-кеңес жұмысына Зеренді аудандық сотының төрағасы Сара Устажанова қатысты.
Кездесу аясында шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру, сондай-ақ басқа да процессуалдық мәселелер бойынша сотқа жолданатын өтінішхаттар мен материалдарды дұрыс ресімдеу және жолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында сот төрағасы заңнама талаптары мен сот тәжірибесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, құжаттарды дайындау кезінде жиі жіберілетін қателіктерге назар аударды, сондай-ақ сотқа жолдау үшін толық әрі негізделген материалдар пакетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Сонымен қатар мүдделі қызметтердің өкілдері оң жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын және процессуалдық мерзімдерді қатаң сақтаудың қажеттігін атап өтті.
– Мұндай іс-шаралар өте қажет. Жеке құрам жаңарып отырады, жас қызметкерлерге ведомствоаралық өзара іс-қимыл бөлігінде құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды. Сот материалдарын дайындау алгоритмін нақты білу және сотталғандардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды, – деді мекеме бастығы Төлеген Бикеев.
