Ұлытау облысында полиция қызметкерлері оқушылармен кездесті
Ұлытау облысында полиция қызметкерлері оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№7 мектепте оқушылар арасында буллинг, қысым көрсету және қиын мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ювеналды полиция қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге буллингтің тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар заңмен жазаланатын құқық бұзушылық екенін түсіндірді. Сондай-ақ мұндай әрекеттердің кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайына тигізетін елеулі кері әсері бар екеніне ерекше назар аударылды.
Оқушыларға өзара құрмет, қауіпсіз орта қалыптастыру және кез келген қысым көрсету фактілері туралы уақытылы хабарлау қажеттігі айтылды.
Полиция білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстардың жүйелі түрде жалғастырады
