Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер арнайы техника жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өткізді

"Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру аясында Талдықорған қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "КӨРКЕЙТУ" ЖШС жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында жүргізушілерге арнайы техниканы басқару кезінде жол жүрісі қағидаларын сақтау талаптары түсіндірілді. Жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау қағидаларын сақтауға, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден және көлік құралдарын техникалық бақылаудан өткізуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар полицейлер көлікті мас күйде және тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін көзделген жауапкершілікті еске салды.

Полиция азаматтарды жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында және көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде барынша мұқият болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру