Талдықорғанда оқушыларға интернеттегі қауіптер мен алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірілді
Жетісу облысында полицейлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай кездесулердің бірі Талдықорған қаласындағы №30 орта мектептің жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Полицейлер жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіздік, қаржылық алаяқтық және радикалды идеологияның ықпалы туралы түсіндірді.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дропперліктің қауіпіне ерекше тоқталды. Олар алаяқтардың кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық операцияларға қалай тартатынын түсіндіріп, банк карталары мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің құқықтық салдары туралы ескертті.
Ал экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастарды деструктивті топтарға тарту тәсілдері мен радикалды идеялардың қауіпі жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерде сақтық шараларын ұстанудың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет етуге баса назар аударылды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарға қатысуының алдын алуға, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Жетісу облысында бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
