Көкшетау тұрғыны полиция қызметкеріне жолдағы көмегі үшін алғыс айтты
Көкшетау тұрғыны полиция қызметкеріне жолдағы көмегі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына Көкшетау қаласының тұрғынынан жол жағдайындағы қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс сөздері келіп түсті.
Көлік жүргізушісінің айтуынша, 6 қаңтарда ол екі жолаушымен бірге Көкшетау қаласынан Ақмола облысының Төңкеріс ауылына туыстарына жерлеу рәсіміне шыққан еді. Жол таза болатын, бірақ 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні сағат 03:00 шамасында қатты мұздың салдарынан көлік Новокубанновка ауылының маңындағы автожолдан түсіп кеткен.
Жүргізуші 112 нөміріне хабарласқан. Новокубан ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Жасұлан Әнуарбекұлы Қырықбаевтың айтуынша, оқиға туралы хабарлама кезекші бөлімнен түнгі сағат үш шамасында келіп түскен. Полиция қызметкері дереу сол жерге барып, адамдарды тауып алған.
Түн ортасындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты түнде көлікті эвакуациялау мүмкін болмады. Содан кейін полиция қызметкері бірінші кезекте адамдарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Яғни екі жолаушыны Төңкеріс ауылына жеткізу үшін қызметтік Газельге орналастырып, ал жүргізушіні үйіне алып кеткен.
Таңертең учаскелік инспектор әкімдік пен қоғамдық көмекшілерді шақырып, автокөлікті шығаруға көмекті ұйымдастыра бастады.
Ауыл тұрғындарының, жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында көлік сәтті шығарылды. Осыдан кейін жүргізуші Көкшетау қаласына аман-есен оралды.
Жүргізуші Қайрат Хамитұлы Мусин полиция қызметкеріне және ауылдағы барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарға жедел көмек, адами қарым-қатынас және қиын жағдайда қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.
– Біз үшін ең бастысы – адамдарға көмек көрсету, – деп атап өтті учаскелік инспектор.
Мұндай оқиғалар полицияның тек қызметі емес, сонымен қатар өмірдегі ең қиын жағдайларда шынайы қолдау екенін тағы бір рет растайды.
