Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Түркістанда полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында орталық мешіт аумағында тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жамағатқа интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндіріліп, сақтану жолдары бойынша арнайы жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар онлайн төлемдер жасау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, бейтаныс тұлғаларға жеке деректерді бермеу, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау қажеттігі туралы кеңестер берілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жеке деректерін қорғауға және интернет кеңістігінде сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру