Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ҚАЖ қызметкерлері қызметтік әдеп жайлы іс-шара ұйымдастырды

Қарағандыда ҚАЖ қызметкерлері қызметтік әдеп жайлы іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ бекіткен "Адал азамат" идеалдарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілетуге арналған 2025–2027 жылдарға арналған жол картасының 9-тармағын іске асыру аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №61 мекемесінде ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған психологиялық дайындық бағытындағы іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қызметтік ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, кемсітушіліктің кез келген түрінің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермеу.
Іс-шараға спикер ретінде облыстық мәслихат депутаты, "Amanat" партиясы әйелдер қанатының жетекшісі, "Азаматтық одақ" және "Әділет әлемі" қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдіктері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, спорт саласының құрметті қайраткері, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшесі, спорт психологы, гештальт-терапевт, психолог-психотерапевт, "Senim" рационалды психология орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация кеңесінің мүшесі қатысты.
Кездесу барысында гендерлік теңдік ұғымы, мемлекеттік органдардағы қызмет барысында гендерлік аспектілерді ескеру мәселелері, сондай-ақ кемсітушіліктің тұлғаға және қызметтік тиімділікке тигізетін әсері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар қызметкерлер арасында адамгершілік, патриоттық және кәсіби құндылықтарды ілгерілету салауатты моральдық-психологиялық климат қалыптастырудың және қызметтік ұжымдарда өзара сенімді нығайтудың маңызды негізі екенін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру