"Заң мен тәртіп": Маңғыстау облысында жастармен профилактикалық кездесу өтті
Маңғыстау облысында жастармен профилактикалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жастарымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесуге спикер ретінде Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Пердегүл Кобесинова мен Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мади Токанов қатысты.
Шара барысында мамандар жастарға заң талаптарын сақтаудың маңызы, құқық бұзушылықтың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың психологиялық, әлеуметтік және құқықтық салдары туралы кеңінен түсіндірді. Кездесу диалог форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Сонымен қатар іс-шара аясында кинолог мамандардың қатысуымен қызметтік иттердің есірткі заттарын анықтау бағытындағы жұмысы көрсетілді. Көрсетілім қатысушылардың қызығушылығын арттырып, құқық қорғау органдары қызметіне деген оң көзқарас қалыптастырды.
Аталған кездесу Ақтау технологиялық сервистік колледжінде өтіп, шамамен 100-ге жуық студент қатысты.
