Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ПД бастығы ІІО ардагерлерімен кездесті

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев өзінің алғашқы жұмыс күнін ІІО ардагерлерімен кездесуден бастады.

Іс-шара басталар алдында Қайыркен Әлиев ардагерлермен бірге қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Жиналғандар әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың Отанға адал қызметіне терең құрмет пен тағзым білдірді.

Кездесу барысында департамент бастығы ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ ардагерлердің мол өмірлік және қызметтік тәжірибесі жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қайыркен Әлиев ұрпақтар сабақтастығының маңызына тоқталып, бірлескен жұмысты жалғастыру, тәжірибе алмасу және қолданыстағы полиция қызметкерлері мен ардагерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың қажеттігін айтты. Оның айтуынша, ардагерлердің ақыл-кеңесі мен тәлімгерлігі жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыруға және қызметтік тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ырғызбай Кенжеханов ардагерлер департаменттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, сондай-ақ жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне алдағы уақытта да атсалысуға дайын екендерін жеткізді.

Бұл кездесу – заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолына өмірін арнаған жандарға деген құрмет пен дәстүр сабақтастығын сақтаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру