ШҚО-да полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады
ШҚО-да полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алтай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан ауласында тұрған ВАЗ-2107 автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Патрульдік полиция взводының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 21 жастағы азамат болып шықты. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды. Облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
