Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да халыққа құқықтық көмек көрсету акциясы өтті

Өскемендегі "AMANAT" партиясының бастамасымен "Құқықтық көмек" партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында өңір тұрғындары полиция департаменті қызметкерлерінен, адвокаттардан, нотариустардан, медиаторлардан, сот орындаушыларынан, сондай-ақ "Қарызсыз қоғам" жобасының мамандарынан тегін заңгерлік және қаржылық кеңес алды.

Тәртіп сақшылары акцияға белсенді қатысты. Олар азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып, әкімшілік полиция басқармасы мен қоғамдық қауіпсіздік бағыттарына қатысты мәселелер бойынша кеңес берді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы ақпараттық жадынамалар таратты.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, халықтың өзекті мәселелерін дер кезінде шешуге және мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру