Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция аязды түнде автобус жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Ақмола облысында полиция аязды түнде Тәжікстан азаматтарына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Ақмола облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне және автожол учаскесінің жабылуына байланысты Астана – Петропавл автожолында қозғалысқа шектеу енгізілді. Сағат 20:40-та патрульдік полиция қызметкерлері аталған бағыт бойынша жүріп келе жатқан VAN Hool автобусын тоқтатты. Салонда 82 жолаушы болды, оның ішінде 17 бала, олардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында автобус жолаушылары Көкшетау қаласының жылыту пунктіне жедел жеткізілді, онда оларға уақытша орналасу үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Ақмола облысының патрульдік полиция қызметкерлері автожолдарда күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Ауа райы тұрақтанғанға дейін көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдануда, оның ішінде жылыту пункттерін ұсыну және жолдарда жан-жақты көмек көрсету бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру