Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қолайсыз ауа райы: Маңғыстау облысында полиция 700-дей көлікке жол көрсетті

Ақтау – Жаңаөзен бағытында бір тәулік ішінде патрульдік полиция 700-дей көлікке жол бастап жүрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Ақтау – Жаңаөзен автожолында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасы көліктерді қатаң бақылауға алды.

Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері шамамен 700 автокөлікке қауіпсіз түрде жол бастап жүрді. Бұл шаралар қатты жел мен жолдың кей жерлерінде көріну деңгейінің төмендеуі сияқты қолайсыз ауа райына байланысты қабылданды.

Көлікке ілесіп жүру жұмыстары патрульдік полиция ротасының взвод командирі Шора Ануардың басшылығымен жүзеге асырылды. Жеке құрам автокөліктердің ұйымдасқан әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстады.

Шара барысында полиция қызметкерлері жылдамдық режимі мен арақашықтықты қадағалап, жол бойында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алды. Қажет болған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетілді.

Нәтижесінде Ақтау – Жаңаөзен автожолында қозғалыс қалыпты режимде қамтамасыз етіліп, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл шаралар Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғановтың тұрақты бақылауында жүргізілді.

Полиция жүргізушілерді ауа райы мен жол жағдайларын ескеруге, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асыруға жол бермеуге және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру