Маңғыстау облысында полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады
Маңғыстау облысында полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қаңтар күні шамамен сағат 02:30-да жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен Ақтау қаласының 7-шағынауданы маңында 36 жастағы азаматты ұстады.
Жеке тінту барысында ұсталған азаматтың күртесінің қалтасынан ақ түсті, сыртқы белгілері бойынша синтетикалық есірткі затына ұқсас 20 орам және марихуана есірткі заты бар бір орам табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат медициналық куәландырудан өту үшін жеткізіліп, оның нәтижесі бойынша арнайы қабылдау орнына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
