Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлердің балалары сурет салу байқауына қатысты

Қызылордада полицейлердің балалары сурет салу байқауына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында полиция қызметкерлерінің балалары арасында "Менің әкем – полицей, менің анам – полицей, менің мақтанышым" тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың полиция қызметіне деген құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында балалар өз қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, ата-аналарының қызметін мақтанышпен бейнеледі. Әрбір қатысушының жұмысы мазмұны мен ерекшелігімен көзге түсті.

Қазылар алқасының құрамында кәсіби суретші Жұматай аға болып, ұсынылған жұмыстармен танысып, әрбір суретке әділ бағасын берді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылған іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.

– Бұл байқау арқылы біз балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ғана емес, полиция қызметіне деген құрметті, ата-ана еңбегіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруды мақсат еттік дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру