Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер республикалық маңызы бар автожолдарды тексеруде

Павлодар облысында полицейлер республикалық маңызы бар автожолдарды тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолына тексеру жүргізді.

— Кезекті іс-шара Омбы — Майқапшағай автожолының Абай облысы бағыты бойынша учаскесінде өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның атына анықталған кемшіліктерді жою және жол учаскесін белгіленген талаптарға сәйкестендіру жөнінде нұсқама жолданды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Айта кету керек, автомобиль жолдарын тексеру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және республикалық, облыстық әрі аудандық маңызы бар жолдарды қамтиды. Аталған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және әсіресе қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру