Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу күшейтілді
Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті нығайту және көпшілік демалатын орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді, оның ішінде ойын-сауық орындары да қарастырылды.
Рейд барысында қоғамдық орындарда кальян тарту 3 факті, сондай-ақ түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сату бойынша 3 факті анықталды.
Полиция балалар мен жасөспірімдерді қорғауға ерекше көңіл бөлуде. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше арқылы түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүрген кәмелетке толмағандар анықталды, 1 жеңіл бұзақылық әрекет тоқтатылды, сондай-ақ 1 кәмелетке толмағанның ойын-сауық орнында болуы анықталды.
Полиция белгіленген ережелерді сақтау және ересектердің жауапкершілігі — балалардың қауіпсіздігінің негізгі факторы екенін еске салады. Аймақтағы профилактикалық рейдтер мен тексерулер жалғасатын болады.
