Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі полиция департаментінде идеологиялық сабақ өткізілді

Көліктегі полиция департаментінде идеологиялық сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінде Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша идеологиялық сабақ өткізілді. Іс-шараға департаменттің бастығының орынбасары Ондасын Аштаев, департаменттің жеке құрамы, сондай-ақ "Тұран-Астана" университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ысқақов және доцент, экономика ғылымдарының кандидаты Бағлан Серікбаева қатысты.

Сабақ барысында жеке құрамға 5 қаңтарда "Turkistan" газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты" атты сұхбатының негізгі мазмұны жеткізілді.

Кездесуді ашқан көліктегі полиция департаментінің басшысының орынбасары О.Аштаев бұл сұхбаттың үлкен маңызға ие екенін, өйткені ол азаматтарға мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның сөзінше, Президенттің пікірі Қазақстанның әрі қарайғы дамуының бағытын анықтайды және оның заманауи, тұрақты әрі болашаққа бағдарланған мемлекет ретіндегі рөлін көрсетеді.
"Тұран-Астана" университетінің профессоры Б.Ысқақов өз сөзінде Президенттің сұхбатының мазмұнын талдап, әлеуметтік-экономикалық маңызды аспектілерге ерекше назар аударды. Ол бұл сұхбатта азаматтарды алаңдатқан мәселелерге нақты және түсінікті жауаптар берілгенін айтты.

— Сұхбатта Президент елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі мәселелерін қозғады. Басты назар халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару саласындағы реформаларға аударылады. Президент саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті нығайту және жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ сыртқы саясаттың басымдықтары — бейбітшілікті сақтау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын нығайтуға бағытталған, — деді спикер.

Өз кезегінде экономика ғылымдарының кандидаты Б.Серікбаева сұхбаттың өзектілігі мен оның дәл уақтында берілгенін атап өтті. Оның сөзінше, халық Президенттің алда тұрған маңызды міндеттер мен ауқымды реформалар туралы өз ауыз. Ол бұл сұхбаттың негізгі құндылығы осыда деп есептейді.

Сонымен қатар Б.Серікбаева Президенттің сұхбаты мемлекеттік саясаттың ашықтығын көрсетіп қана қоймай, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және ғылыми орта үшін нақты бағдар болып қызмет ететінін ерекше атап өтті.

Кездесудің соңында полиция қызметкерлері мен спикерлер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру