Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында алыс бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі түсіндірілді

Маңғыстау облысында алыс бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі түсіндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алыс бағыттарға қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында аудандар мен елді мекендерге қатынайтын автобустардың жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу, сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралымен жолға шықпау қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірілді. Полицейлер жол үстіндегі жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, әрбір жүргізушінің өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты екенін ескертті.

Сонымен қатар жолаушылармен де профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, сапар барысында жүргізушінің назарын бөлмеу, көлік ішінде тәртіп сақтау, қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау қажеттігі түсіндірілді. Бұл шаралар жол үстінде қауіпті жағдайлардың алдын алуға және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталғаны айтылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шаралар өңір аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жүргізушілер мен жолаушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру