Маңғыстау облысында полиция көлікті заңсыз айдап әкетудің алдын алуда
Маңғыстау облысында полиция көлікті заңсыз айдап әкетудің алдын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20-21 қаңтары аралығында Маңғыстау облысы көлемінде "Айдап әкетуді тоқтату" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Бұл шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарын айдап әкетудің және ұрлаудың алдын алу, сондай-ақ, осы қылмыстарға қатысы бар күдікті тұлғаларды анықтап, ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды жеке мүлікті қорғау бағытындағы қауіпсіздік шараларын ескеруіне шақырады. Көлік құралдарын айдап әкету және ұрлау көбінесе автокөліктерге бақылаудың әлсіреуі немесе тұрғындардың сақтық шараларын сақтамауы салдарынан орын алады.
Полиция қабылдап жатқан шаралардың басты мақсаты – өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыс деңгейін төмендету. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі қағидаты – "Заң және тәртіп", яғни қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған билік пен халықтың бірлескен жауапкершілігі.
Полиция егер күмәнді жағдай байқалса дереу "102" нөміріне хабарласу керегін еске салады. Құқық бұзушылықтың алдын алу – полиция мен тұрғындардың ортақ әрекетінің нәтижесі.
