Түркістанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы өтті
Түркістанда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" қағидаты және "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы аясында полицейлер Түркістан қаласындағы №17 Ататүрік мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермек Өсербаев арнайы қатысып, оқушыларға заң талаптары, құқық бұзушылықтың салдары және жауапкершілік туралы кеңінен мәлімет берді.
Кездесу барысында тәртіп сақтау, адалдық қағидаттары және қоғамдағы азаматтық жауапкершілік мәселелері қозғалып, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
